Азаматтық авиация комитеті дельтапланның апаттық жағдайда қонуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін 2024 жылғы 25 шілдеде Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылында сағат 17.15-те дельтаплан апаттық жағдайда қонды.
Екі адам зардап шекті.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп жатыр.
Осы авиациялық оқиға бойынша тергеу жүргізіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!