- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алакөлдегі апат
Алакөлде апатқа ұшыраған дельтаплан иесіне айыппұл салынды

Былтыр жазда Алакөлде апатқа ұшыраған планер иесіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Достық" көлік прокуратурасы "SKYPPER 912" дельтапланы иесінің әрекетінен құқықбұзушылықтарды анықтады. Ол рұқсатсыз демалушыларға Алакөл үстінде ақылы ұшуды ұсынған. Прокуратураның бастамасымен Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында кәсіпкерді әкімшілік жауаптқа тарту мәселесі қаралды", - делінген хабарламада.
Сот дельтаплан иесін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 563-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп тапты. Оған 55380 теңге айыппұл салынып, ұшу аппараты мемлекет пайдасына тәркіленді.
Еске салайық, 2024 жылдың жазында Алакөл көлінде осы дельтаплан апатқа ұшырап, салдарынан екі адам зардап шеккен болатын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Литпин