Әскери қызметшілер Алакөл жағалауын патрульдеу барысында жағалаудан шамамен 50 метр қашықта, шомылуға тыйым салынған жерде суға батып бара жатқан екі әйел адамды байқаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олар дереу құтқару жұмыстарына кіріскен.
"Қатты жел мен толқын салдарынан жағалаудан алыстап кеткен анасы мен қызы ес-түссіз күйде жағаға шығарылды. 2012 жылы туған қыз аман қалды. Өкінішке қарай, 1991 жылы туған әйелді құтқару мүмкін болмады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері әйел қайтыс болғанын тіркеді", - деп жазылған Абай облысы ТЖД хабарламасында.
Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз