Алакөлде 14 адам құтқарылды

Алакөлде 14 адам құтқарылды
Фото: Видео кадры

Абай облысы Алакөл көлінде 14 адам, соның ішінде 8 бала құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

3 тамызда өңірдің ТЖД құтқарушылары жағадан 20 шақырым қашықтағы аралда қалып қойған 14 адамды, соның ішінде 8 баланы эвакуациялады.

"Қайықтан ақау шығып, соның салдарынан бір топ адам өз бетінше жағаға жете алмай, жауын-шашын мен бұршақ астында тұруға мәжбүр болды. Жедел құтқару жасағы зардап шеккендерді жағаға шығарды. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ суға шықпас бұрын қайықтың техникалық жағдайын мұқият тексеріп, қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін еске салды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget