- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алакөл маңында жер...
Алакөл маңында жер сілкінісі болды
Фото:
pixabay.com
Жетісу облысы Алакөл көлі маңында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ТЖМ "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.
Магнитудасы 4,1 балл болатын жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 08:01-де тіркелді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 424 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,3. MPV магнитудасы - 4,1. Тереңдігі - 10 шақырым.
Еске салайық, бұған дейін Тәжікстанда 7 балдық жер сілкінісі сезілгені хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова