Түнде Жетісу облысындағы Алакөл көлінің маңында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жер сілкінісі 11 шілдеде Астана уақыты бойынша 23:24-те тіркелген.
"Эпицентрі Ақши ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы 3,7", - деп жазылған мәліметте.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жер сілкінісі сезілгені хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!