Алакөл қорығында өрт шықты

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өрт 25 қыркүйекте сағат 15:45 шамасында қорыққа көршілес дала аумағында басталып, кейін табиғи қорық аумағына тараған.

Қазір өртті сөндіруге қорық қызметкерлері, Алакөл орман шаруашылығы және Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жұмылдырылған. Барлығы 37 адам мен 14 техника жұмыс істеп жатыр.

Өрт мемлекеттік орман қорының шамамен 3 гектар аумағын шарпыған. Сулы-батпақты жер бедері өртсөндірушілердің жұмысын қиындатып отыр.

Сондай-ақ, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның су төгу құрылғысымен жабдықталған Ми-8 тікұшағы оқиға орнына аттануға дайындалып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!