- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әлі зардап шегіп...
"Әлі зардап шегіп жүрмін". Танымал рэпер есірткіге тәуелдігі туралы айтты
Фото:
Видео кадры
Танымал рэпер, Кисло-сладкий лақапатымен танымал Дархан Жұмабек есірткіге тәуелдігі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Taboo бағдарламасында бөлісті.
"Жүйелі түрде қолданғаннан тәуелді болып кеттім. Мен үшін нормаға айналды. Кездесіп, есірткі қолдану біздің бір күндік жоспарымыз болған. 5-6 күн ұйықтамаған кездер болатын. Содан әлі зардап шегіп жүрмін. Толық тексеріліп жүрмін. 5 күн тамақ ішпей пәтерде отырудың қандай қиын екенін білсеңіз. Тамақ батпайды. Паранойя болады. Қазір қолданбағаныма көп болды. 2 рет реабилитациядан өттім. Реабилитацияның көмегі тиді", - дейді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек