“Әлі үш Олимпиадаға қатысатын шамам бар“. Нұрбек Оралбай жоспарын бөлісті

Париж Олимпиадасында бокстан күміс жүлде алған Нұрбек Оралбай әлі бірнеше Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы бұл туралы Нұрлан Қоянбаевтың "Түнгі студия" бағдарламасында айтты.

"Жарыстың соңында жалғыз өзім қалдым ғой. Парижде қазақ жанкүйерлердің қолдауы қатты сезілді. Алтын алғым келді. Олардың қолдауы мен сенімі де маған жүк болды. Оңай емес қой. Ұту үшін барымды салдым. Бақ пен бапқа байланысты ғой. Алтын ана балаға бұйырып тұр екен", –деді боксшы.

Нұрбек Оралбай мұнымен тоқтамай, финалдағы қарсыласымен тағы бір жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

"Әлі жаспыз ғой. Алда Әлем чемпионаттары бар. Маған әлі бір емес, екі-үш Олимпиадаға қатысуға болады негізі. Сол кезде кездесіп, қарсыласымнан ақымды аламын деп ойлаймын", – деді ол бағдарламада. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз