"Жігіттер" тобының мүшесі, әнші Ердос Қанаев "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында өнер жолынан кетуге қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі 50 жасында сахнаға шыққысы келмейтінін жасырмады.
"50 жасқа Алла жеткізсе, сақал-шашым ағарып, сахнада жүргім келмейді негізі. Биыл 40 жасқа толдық, бір жағынан қарасам, Заттыбек, Сәкен ағаларымыз 50 жасқа толып жатыр, жап-жас. Сол кісілерге қарайсың да, әлі уақытымыз бар екен деп ойлап қоямыз. Бірақ 40 жас - ақыл тоқтататын жас, бұған дейін мен бірнәрсе сұрасам, өзім үшін сұрайтын едім. Мәселен, дүние берші, намазымды реттеші. Ал адам 40 жасқа келген соң, өзіңе емес, елге пайда тигізсем екен деп ойлайды екенсің. Шынымды айтсам, өзімді кәсіпкерлік жолда сынағым келеді. Бір жағынан, ағартушылық жолдан көріп, жастарға мұра қалдырғым келсе, екінші жағынан кәсіп иесі болып, сол арқылы халыққа пайдалы дүние шығарсам", - дейді Ердос Қанаев.
Айта кетейік, Ердос Қанаев 40 жасқа толып, бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!