- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әлі тойлап біте...
"Әлі тойлап біте алмай жатырмыз". Қайрат Нұртастың әкесі туған күнін дүркіретіп атап өтті
Әнші Қайрат Нұртас әкесі Нұртас Айдарбековтің туған күнін Астана мен Алматыда дүркіретіп атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Продюсер Гүлзира Айдарбекова да күйеуінің туған күнінен естелік суреттер мен видеоларды парақшасында бөлісті.
"Нұрекеңнің туған күні Астана қаласынан басталып, Алматыда әлі тойлап біте алмай жатырмыз. Құттықтап келген, дос-жаран, ағайындарға алғысымыз шексіз. Нұрекеме 100 жас өмір, екі дүниенің бақытын Алла жазсын! Жақсы күндеріміз көп болып, ел тыныш, жұртымыз амандықта болсын!", - деп жазды продюсер.
57 жасқа толған Нұртас Айдарбеков алдымен туған күнін мейрамханада туыстары мен жақындары және жолдастарының басын қосып атап өткен. Тойда көптен бері көрінбей кеткен Гаухар Әлімбекова да өнер көрсеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина