- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әлі оралмаған: 16...
Әлі оралмаған: 16 жастағы ақмолалық із-түзсіз жоғалып кетті
Ақмолада із-түзсіз жоғалған 16 жастағы Руслан Зарубин іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының Полиция департаменті Щучинск қаласының тұрғыны 16 жастағы Руслан Зарубинді іздеп жатыр. Ол 2023 жылғы 7 қаңтарда түнгі сағат 2:20 шамасында үйден кетіп, осы уақытқа дейін қайта оралмаған.
Жасөспірімнің орналасқан жерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларының кешенін ұйымдастырды. Колледждердің жатақханалары, қонақүйлер тексерілді, кәмелетке толмағанның таныстары мен достарынан сұхбат алынды.
Жасөспірімді іздеуге департаменттің бөлімшелері, Бурабай АПБ, Бурабай КПБ, Бурабай-Курорты ЖПБ жеке құрамы, жұртшылық және басқа күштер бағытталған.
Полиция Зарубин Руслан Тұрлыбекұлының орналасқан жері туралы ақпарат білетін барлық адамнан "102" арнайы желісіне хабарлауды сұрады.
Жасөспірімнің белгілері: көздерінің түсі жасыл, бойы шамамен - 155-160 сантиметр. Үйден шыққан кезде үстінде тоқылған сұр түсті бас киім, қою көк түсті сырт киім, қара спорттық трико, аяғында қысқы қоңыр түсті кроссовка болған. Өзімен LG телефон болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина