Ресейлік композитор Максим Фадеев Салтанат Нүкеноваға арнап ән шығарды. Ресейлік әртіс әннің шығу тарихы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Максим Фадеев Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысынан үзінді көрген. Фадеев әннің сөзін бір күнде жазып шыққан.
"Қарапайым адам ретінде оны қатты аядым. Адам өмірін қалай қиып тастауға болады? Әлі кіп-кішкентай қыз еді", - дейді композитор телеарнаға берген сұхбатында.
Еске салайық, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Сот Қуандық Бишімбаевты азаматтық некедегі әйелін азаптап өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оның інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырып қалғаны үшін кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!