Танымал продюсер Баян Мақсатқызы 19 қаңтарда 50 жас мерейтойын дүркіретіп тойлаған болатын. Продюсер "ХабарLIKE" бағдарламасына берген сұхбатында жолдасы Тұрсын Алагөзов туған күніне не сыйлағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Баян Мақсатқызы күйеуінен туған күніне көлік алған.
"Тұрсын мырза маған өте жақсы көлік сыйлады. Маркасы - Rolls-Royce. Көлікке әлі мінген жоқпын, менімше түсі сұр немесе көк болуы керек. Әлі көрген жоқпын, уақытым болмай жүр", - деп жауап берді продюсер.
Айта кетейік, негізі Баян Алагөзованың туған күні 9 қаңтарда өтіп кетті. Продюсер биыл 50-ге толды. Өнер иесі бүгін туған күнін атап өтіп жатыр. Баян Мақсатқызының құрбысы, журналист Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында тойдан суреттер мен видеоларды бөлісті.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ең сенімді көлік қандай?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!