- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әлі көрген жоқпын"....
"Әлі көрген жоқпын". Баян Мақсатқызы күйеуі туған күніне қандай сыйлық жасағанын айтты
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы 19 қаңтарда 50 жас мерейтойын дүркіретіп тойлаған болатын. Продюсер "ХабарLIKE" бағдарламасына берген сұхбатында жолдасы Тұрсын Алагөзов туған күніне не сыйлағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Баян Мақсатқызы күйеуінен туған күніне көлік алған.
"Тұрсын мырза маған өте жақсы көлік сыйлады. Маркасы - Rolls-Royce. Көлікке әлі мінген жоқпын, менімше түсі сұр немесе көк болуы керек. Әлі көрген жоқпын, уақытым болмай жүр", - деп жауап берді продюсер.
View this post on Instagram
Айта кетейік, негізі Баян Алагөзованың туған күні 9 қаңтарда өтіп кетті. Продюсер биыл 50-ге толды. Өнер иесі бүгін туған күнін атап өтіп жатыр. Баян Мақсатқызының құрбысы, журналист Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында тойдан суреттер мен видеоларды бөлісті.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ең сенімді көлік қандай?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә