"Әлі көп нәрсе істей алмадым". Түркияда қоштасу видеосын түсірген жасөспірім үйінді астынан құтқарылды

"Әлі көп нәрсе істей алмадым". Түркияда қоштасу видеосын түсірген жасөспірім үйінді астынан құтқарылды
Фото: © РИА Новости

Хакан Ясиноглу есімді түркиялық бетон үйінді астында 278 сағат өткізген. 45 жастағы ер адам жер сілкінісінен аман қалған. Сондай-ақ, қоштасатын видео түсірген жасөспірім де құтқарылған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Түркияның Хатай провинциясында тағы екі адам 13 күннен кейін құтқарылды. Олардың қатарында 296 сағат бойы үйінді астында болған бала бар. Дәрігерлер мұндай оқиғаларды таңғажайып деп санамайды, керісінше күйзеліске төзімді және физикалық жағынан сау адамдардың өмір сүру мүмкіндігі жоғары екенін айтады.

Ал Таха Ердем атты жасөспірім үйінділердің астына қоштасатын видео түсірген.

"Достар, өлім оны күтпеген кезде келеді. Өкінетін көп нәрсем бар. Құдай барлық күнәмді кешірсін. Әлі көп нәрсе істей алмадым", - дейді ол.

Алайда 17 жастағы жігіт пен оның ата-анасы құтқарылған. Отбасы үйінен айырылды, бірақ олар шатырға орналасқан. Бастысы, бәрі аман және бәрі бірге.

"Ол кезде бұл туыстарыммен қоштасудың соңғы мүмкіндігі деп ойладым. Үйінділердің астында жатқанда, жер сілкінісі жалғасып, ғимарат опырылды, олардың бірі менің басыма тиді. Тіпті қозғала алмадым, аяғым басылып қалды", - деді Таха Ердем.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова