Әл-Фараби және Абай даңғылдарында уақытша көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.
Орташа жөндеу жұмыстарының аясында асфвльтбетон жабынын төсеуге байланысты 2 шілде сағ 23:00-ден 4 шілде 06:00 аралығында түнгі және күндізгі уақытта әл-Фараби даңғылының Рысқұлбеков көшесінен Дулати көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен шектеледі. Жол қозғалысы Асқаров, Торайғыров, Мұстафин және қайталама Саин көшесімен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, 3 шілде күнгі сағат 23:00-ден 5 шілде сағат 06:00-ге дейін Абай даңғылының Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі. Жол қозғалысы Есенжанов, Сәтбаев, Брусиловский, Тұрғыт Озал көшелерімен ұйымдастырылады.
Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!