әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Zeekr көлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді

Алматыда үш адамның өліміне әкеп соққан жол апатына кінәлі деп танылған Zeekr көлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұған дейін күдікті медициналық мекемеде айдауыл күзетімен болған және сот санкциясымен қамауға алынған.

"Қазір ол қылмыстық іс аясында қамауда ұстауды жалғастыру үшін тергеу изоляторына жеткізілді", - деді ПД баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болды. Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы (22 және 20 жастағы қыздар) оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен қатар, әл-Фараби даңғылында үш адамның өліміне әкеп соққан жарысқа "полицейлердің қатысы болуы мүмкін" деген ақпарат тексеріліп жатыр. Бұл дерек бойынша қызметтік тергеу басталған. 

Осы оқиғадан кейін бірнеше лауазымды полицей қызметінен босатылды. әл-Фараби даңғылында болған жол апаты бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз