әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: заңгер жаңа деректі айтты

Алматыда әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты тергеу аяқталуға жақын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев мәлімдеді.

"Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталуға жақын. Сараптамалардың қорытындыларын алдық. Кейбір процессуалдық әрекеттер жасалғаннан кейін айдың аяғында іс сотқа жолданады. Кейбір сараптамалардың қорытындысына сәйкес Zeekr көлігінің иесі асқан жылдамдықпен жүргені анықталды. Бұдан басқа ақпаратты әзірге жариялай алмаймыз", - деді ол.

әл-Фарабидегі жол апаты

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болды. Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы (22 және 20 жастағы қыздар) оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Кейінірек Zeekr көлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді.

Сонымен қатар, әл-Фараби даңғылында үш адамның өліміне әкеп соққан жарысқа "полицейлердің қатысы болуы мүмкін" деген ақпарат тексеріліп жатыр. 

Осы оқиғадан кейін бірнеше лауазымды полицей қызметінен босатылды. әл-Фараби даңғылында болған жол апаты бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!