Алматыда әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты тергеу аяқталуға жақын. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Санжар Әділовтің сөзінше, бұл іс бойынша негізгі сараптамалар дайын, тергеу соңғы кезеңге өтіп жатыр.
"Алдағы екі аптада тергеуді аяқтауды жоспарлап отырмыз. Нәтижесін қосымша хабарлаймыз", - деді ІІМ өкілі.
Айта кетейік, жуырда заңгер Мейірман Шекеев те қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталуға жақын екенін мәлімдеген еді.
әл-Фарабидегі жол апаты
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болды. Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы (22 және 20 жастағы қыздар) оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Кейінірек Zeekr көлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді.
Сонымен қатар, әл-Фараби даңғылында үш адамның өліміне әкеп соққан жарысқа "полицейлердің қатысы болуы мүмкін" деген ақпарат тексеріліп жатыр.
Осы оқиғадан кейін бірнеше лауазымды полицей қызметінен босатылды. әл-Фараби даңғылында болған жол апаты бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова