Алматыда әл-Фараби даңғылында болған жол апаты әлі де қоғамда қызу талқыланып жатыр. Әлеуметтік желіде Zeekr көлігінің жаңа суреттері пайда болды. Алматы Полиция департаменті өкілдері көлік қайда екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы тұрғындары күдіктінің көлігін қаланың айыппұл тұрақтарының бірінен байқап қалған.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, көлік жол апатынан кейін арнайы айыппұл тұрағына қойылған. Ведомство дерегіне сүйенсек, көлік оқиға рәсімделген сәттен бері сол жерде тұр.
әл-Фарабидегі жол апаты
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болды. Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы (22 және 20 жастағы қыздар) оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Кейінірек Zeekr көлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді.
Сонымен қатар, әл-Фараби даңғылында үш адамның өліміне әкеп соққан жарысқа "полицейлердің қатысы болуы мүмкін" деген ақпарат тексеріліп жатыр.
Осы оқиғадан кейін бірнеше лауазымды полицей қызметінен босатылды. әл-Фараби даңғылында болған жол апаты бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова