"Халқым", "Құдағи" хит әндерінің орындаушысы Талғат Кенжебулатов "Жұлдызбысың" бағдарламасында қонақта болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдарламаның "Жауап бер" айдарында актер Қайрат Әділгерей әншіге әртүрлі сұрақ қойды. Ойланбай дұрыс жауабын айтуы керек болған өнер иесі бірнеше сұраққа тосылды.
Қайрат Әділгерей алғашқы сауалын Абай атамыздың дүниеге келген жылын сұраудан бастады. Мардымды жауап бере алмаған әнші одан өзге "қазақтың жаңа жылы", "елімізде неше сағат белдеуі бар" сынды сұрақтарға да қате жауап беріп, тыңдармандарының сынына қалды.
Ал "Есіңде ме" айдарында Қайрат Әділгерей әншіден есте сақтау қабілеті туралы сұрады.
"Жақсы әлі алжыған жоқпыз", - деп жауап берді Кентал.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!