KASE күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша доллар 332,55 теңгеге тең болды. 2015 жылдың 22 желтоқсанында сағат 11.00 мен 12.00 аралығында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиын басталғанға дейін доллар 336,66 теңгеге дейін арзандаған еді.
22 желтоқсандағы күндізгі сессияда алғашқы келісім 333 теңгемен басталды. Ең жоғарғы баға − 334,5 теңге. Ең төмені 330 теңге болды. Сауда көлемі 92,75 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 20 мүшесі қатысты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындарында доллар 333-339 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 2015 жылдың 21 желтоқсанындағы таңғы сессияда доллар 349,12 теңгеге тең болған еді. Осыдан кейін доллар арзандай бастады.
Дереккөз: Tengrinews.kz