"Ақырзаманның белгісі". Тойдағы ерсі ойындар мен билер Желідегілерді шошытты

Тойға келген қонақтар көңіл-күйін көтеріп, ойын ойнап, би билейтіні анық. Дегенмен қазір тойдағы ойындар, келген қонақтардың ұятты билері елдің сынына қалып жүр. Massaget.kz тілшісі желіде тараған тойдағы ыңғайсыз билер мен ойындар топтамасын назарларыңызға ұсынады.

"КӨРГЕНСІЗДЕР"

Бұл TikTok желіде жарияланып, халықтың сынына қалды. Кадрда асабаның ойынына шыққан қонақтар бір түрлі формула немес әріптерді көрсетіп жерде жатыр. 

@kris_p_astana ?‍♂️Тойдағы сұмдықтар #fypシ #рекомендаци #рек #астана #топ #новости #сегодня #батл #стрим #алматы #рэк #шок #казах #лифт #кран #вастане #криспи #шымкент #тараз #алматы #казахстан #кнб #рк #мапох #ннн #пожар #митинг #токаев ♬ оригинальный звук - Крис Пи Астана official ???

"Асабанын басын жаратын бір еркек жоқ па"?, "Бірінің қатынын, біріне беруге қарсы емес сияқты ғой", "Көргенсіздер", "Осыны орындап жүрген мыналардың бастары дұрыс емес", "Ұят қайда, масқара", "Ұяттан кеткендер", "Мұндай асаба керек емес", "Мынау тіптен ұят, ана жатқан әйел бұтын көтеріп қалай ұялмай жатыр", - деп жазды желі қолданушылары.

"ҚУҒЫНБАЙ ШАЛ!"

 Бұл видеода TikTok желіде жарияланып, 140 қолданушының сынына қалды. Кадрда ішімдікке сылқия тойып алған қонақ, тойда өнер көрсетіп жүрген аниматор аюмен төбелес шығарып, артынша өзі тойханадан шығып кеткен. 

@erkanat_kasym Тойда аюмен төбелескен аға? #elbruso #fypシ ♬ оригинальный звук - Подписан(-а) на вас

Желі қолданушылары қонақтың іс-әрекеті дұрыс еместігін жазды.

"Жасы біразға келіп, істеп жүргені мынау", "Оның ішінде қыз болуы да мүмкін ғой", "Ақыл сұрайтын адамның түрі", "Тойды ішіп алып қуатындар үшін жек көремін", "Арақ болған жерде береке болмайды", "Үлкен кісі ғой, тірлігі ұят", "Аюдың ішінде жүргендер де ерігіп жүрген жоқ", "Қуғынбай шал екен",-деп жазды олар.

"Бұлай билеп, ұятқа қалмаңдар қыздар!"

 

Видео youtube желіде тарады. Тойға келген қонақтардың ерсі биі сынның астына қалды. Кадрда әуен қосылғанда отыра кетіп билеген қыздың әуретті жері ашылып, ұятты болды.

"Мына қыздың ата-аналары дұрыс тәрбие бермеген", "Ақырзаманның белгісі", "Масқара беті ашылмаған қыздың бір жері ашылды", "Көйлегін көтере салып, бұлай билегені дұрыс болмады", "Ата-аналары не тәрбие береді өзі?", "Бұлай билеп, ұятқа қалмаңдар қыздар", - деп жазды желі қолданушылары.

"Тойда арақ құймаңдаршы"

 Instagram желіде тараған бұл видео халықтың сынына қалды. Кадрда үйленіп жатқан жігітті достары көтеріп жерге құлатып алған. Бұны көрген желі қолданушылары тойда арақ құйылмауын талап етті. 

"Арақ қоймаңдаршы тойда", "Бәрі мас, құлатпағанда қайтеді?", "Өздеріңе сол керек", Тойдың сәні кетіп бара жатыр", "Неге аспанға лақтырады, не әдет?", "Әй, біреудің баласын өлтіресіңдер", - деп жазды олар.

"Асаба айтқан болар, солай істе деп"

 Бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Асаба қонақтарды ойынға шақырып, әртүрлі би билеткен. Асабаның айтқанын істеймін деген кадрдағы қыз етегін ашып, айнала билеген. 

"Заман өзгерді ме, әлде адам ба?", "Асабаның ойындары негізі дұрыс емес", "Не айтса соны істейсің бе?", "Қызға жаным ашып кетті" , "Асаба айтқан болар солай істе деп", "Тым жақсы қыз бұлай істегені ұят", деп жазды instagram қолданушылары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!