- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақырзаман туралы болжам...
Ақырзаман туралы болжам айтқан адамға айыппұл салынды
Фото:
REUTERS / Adrees Latif
Алматы облысында ақырзаман туралы болжамын жариялаған адамға шара қолданылатын болды, - деп хабарлайды Массагет.кз тілшісі.
Ақырзаманды болжап, жұртқа ақпарат таратып, үйінің жобасын заңсыз жабдықтаған тұрғынның үстінен көршілері арызданған болатын.
Полицияның мәліметінше, ол өз пәтерінде "жақында ақырзаман болады" деп, жиналыстар өткізген екен.
"Тексеру барысында азаматтың тұрғылықты мекенжайы бойынша бөгде адамдар анықталған жоқ. Сонымен қатар үй-жайды заңсыз қайта жабдықтау және қайта құру фактісі анықталды. Діни құрамдас бөлікті ескере отырып, азаматтардың өтініштері негізінде полиция аудан әкімдігін хабардар етті", - деп хабарлады полиция.
Айта кетейік, былтыр да тұрғын заңсыз діни қызметке жол бермеу туралы ресми ескерту алған болатын.
Ал бұл жолы ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, оған жалған христиандық ағым аясында қызметін жалғастырғаны үшін айыппұл салынды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін Youtube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева