Астанада екі тәулік бойы нөсер жаңбыр жауып, ірі бұршаққа ұласты. Желіде толассыз жаңбырдың салдары көрсетілген видеолар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазгидромет" мәліметінше, екі күн ішінде Астанада 48 мм жаңбыр жауған, айлық норма – 31 мм, яғни екі күн ішінде жауын-шашын мөлшері 1,5 айлық мөлшерден асып түсті.
Ал жаңбырдың салдарынан қала көшелерін су басып, қозғалыс шектелген.
Желі қолданушылары мұндай табиғи құбылысты ақырзаманға теңеп, түрлі пікір қалдырған.
"Ақырзаман келді", "Сұмдық, бұрын-соңды мұндай болмаған", "Цунами секілді", "Жемқорлықтың жемісі", "Балшықта астана салып керек емес еді", "Күзде жаңбыр жаумайды", "Жемқорлықта батып кеттік", - деп жазған олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!