Ақын әрі журналист Рза Оңғарбай өмірден озды

74 жасында ақын, журналист, "Маңғыстау-Медиа" ЖШС ардагері Рза Оңғарбай қайтыс болды. Бұл туралы қалалық мәслихат депутаты, "Маңғыстау-Медиа" медиа холдингінің директоры Гүлмира Әбішева Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Рза Ахметұлы Оңғарбай 1949 жылы 9 қыркүйекте Маңғыстау облысының Таушық кентінде дүниеге келген.

1966 жылы Таушықтағы орта мектепті бітіріп, 1974 жылы Атырау мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдады.

1974-2002 жылдары Атырауда, содан кейін Таушық ауылының әкімі болып жұмыс істеген, Ақтаудағы Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасында түрлі лауазымды қызмет атқарған.

Сондай-ақ, облыстық "Маңғыстау" газетінде еңбек етті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз