Көлік министрлігі ақылы жолдардағы төлем жасау ережелерін жеңілдетуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін қалай болды?
Қолданыстағы нормаға сәйкес жүргізуші жолақысын жеті күн ішінде төлемесе, сегізінші күні материалдар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес көлік бақылау органдарына жолданады.
Енді не өзгереді?
Министрлік мәліметінше, алдағы уақытта жеңіл әрі ыңғайлы механизм енгізіледі: жеке тұлға отыз күн ішінде төлем жасамаса, материалдар отыз бірінші күні Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес көлік бақылау органдарына жолданады.
Бұған қоса, бұрын жеке және заңды тұлғаларға бөлек талаптар қарастырылмаған болса, енді заңды тұлғалар үшін жеке механизм енгізілмек. Жаңа нормаға сәйкес заңды тұлға есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін төлем жасамаса, материалдар келесі күні көлік бақылау органдарына жолданады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова