- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Ақыл айтқыштар көбейіп...
“Ақыл айтқыштар көбейіп кетті“. Әнші Заттыбек коучтарды сынап тастады
Эстрада әншісі Заттыбек Көпбосынұлы психолог-коучтардың ісін сынға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, коучсымақтар білмесе де білгішсініп, халықтың санасын улап жатыр. Алайда халықтың өзі сондай адамдарға сұранысты қалыптастырып отырғанын тілге тиек етті.
"Ақыл айтқыштар көбейіп кетті. Ішінде жап-жас інілеріміз, жап-жас қарындастарымыз бар. Олардың қаншалықты өмір сүріп, қаншалықты ой түйгендерін қайдам, бірақ данышпан адамға ұқсап, ақыл айтады. Кейбіреулерінің теріс қылықтары, теріс пайымдары көп. Бұлардың көбеюі - халықтың соларды көріп, қолдап жатқанының әсері ғой. Өйткені менің өзім желіге жақында бір коучтарға ұқсатып видео жүктеген едім. Оның қаралымы да, таралымы да артып кетті. Сәл бір қисайып сөйлеп, хайпқа жақын дүниелер жасасаң, оны халық өзі таратып, өзі танымал етеді екен. Ал рас дүниелерге қызығатындар аз", - деді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін "Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы да психологтарға деген теріс пікірін бөліскен еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Литпин