Танымал тележүргізуші, актриса Салтанат Серкебаева тұңғыш сәбиін күтіп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Мен өзімді періште сияқты сезінемін", - деп жазған ол ақ түсті көйлек киген, арқасында аппақ қанаттары бар видео жариялады.
Видеода актрисаның аяғы ауыр екенін байқауға болады.
Өнер иесінің жанкүйерлері оны құттықтап, тілек жазып жатыр.
Еске салайық, көктемде Салтанат Серкебаева Мальдив аралдарынан сүйіктісімен суреттер жариялаған болатын. Осылайша, актрисаның тұрмысқа шыққаны алғаш рет белгілі болды. Кейінірек желіде "Сырға салу" рәсімі мен үйлену тойының кадрлары жарияланды.
Айта кетейік, Салтанат Серкебаева "Томирис" фильмінде жауынгер Тұмар ханшайымның бойжеткен шағын сомдап, танылған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!