Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова су тасқынынан зардап шеккен ағайынға қолдау білдіріп, жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алайда, желі қолданушылары өнер иесіне қарсы шығып, сынап тастады.
"Бұл көктемде ел басынан оңай күндер өтіп жатқан жоқ. Мыңдаған отбасы үйсіз қалды. Суға батқан үйлерде қанша адамның мал-дүниесінен бөлек, естеліктері жойылып кетті. Қора-қора мал қырылды. Молалар шайылып, жолдар жуылып кетті. Кейінгі 80 жылда болмаған селді көрдік. Су тасқыны әлі де толық бұғатталмай отыр. Президент, үкімет, кәсіпкер, танымал адамдардың барлығы да өз деңгейінде жағдайға әсер етуге, салдарымен күресуге, жан мен малды аман сақтап қалуға барын салып жатыр. Бірі жария, бірі жасырын қол ұшын беріп жатыр. Барлығына Алла куә", – деп жазды ол.
Актрисаның оқырмандарды оның жазған статистикасында жалған дерек барын жарыса жазды.
"Қайдағы 80 жыл, Құлсарыда су тасқыны 20 жыл бұрын болған", "су Ресейден келіп жатыр, қар суы мынадай болмайды", "қандай көмек бердің?", "байыңмен бақытты болып, отыра берші",- деп жазды олар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!