Акриса Жәнел Мақажан үшінші сәбиін дүниеге әкелді. Қуанышты жаңалықты оның жұбайы Абай Асылхан әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жұбайының айтуынша, актрисаны кеше перзентханаға сұлулық салонынан алып кеткен.
"Дұға етіп қойыңыздар. Жанельдің де, баланың да жағдайы жақсы" деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол сәбиін ұстаған сәттегі бейнежазбасын да желіге жариялады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!