- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Актриса Дариға Бадықова...
Актриса Дариға Бадықова көпшілікті алаңдатқан сұрақтарға жауап берді
Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде көпшілікті алаңдатқан сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желідегі оқырмандары Дариға Бадықоваға түрлі сұрақ жолдаған.
"Хиджап киіп қайта шешуге көзқарасыңыз?" деген сұраққа актриса "Оранып, шешініп жүретіндер жайында әзірге жауап жоқ" деп жауап берген.
Оның оқырмандарын дінге қатысты сұрақтар көп мазалайтын сияқты. Тағы бір оқырманы "Қазір дін бәрімізге қиын болып тұр, өзім хиджап шештім" деп жан сырын айтыпты.
Дариға Бадықова болса: "Негізі ше, дін жайында әңгіме қозғағым келмейді. Әркімнің өз түсінігі, әрекеті бар. Хиджапқа келер болсақ, оны айыптайтын біз емес. Өздері біледі. Шешіне ме, жалбырай ма, мода көрсете ме... "Рух" төмендесе, жан мен тән, теңестік таппай қалады... Кім қалай түсінді?" деп оқырмандардың өзіне сұрақ қойды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева