Актриса Әсел Асқар әкесінің туған күніне тосынсый жасады

Актриса Әсел Асқар әкесінің туған күніне тосынсый жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Актриса және блогер Әсел Асқар әкесінің туған күніне орай оған iPhone 15 Про Макс ұялы телефоны мен AirPods құлаққабын сыйлады. Актриса сыйлықты ерекше әдіспен табыстады. Әкесін бірге тамақтануға мейрамханаға шақырып, тамақтың орнына тәрелкеге сыйлығын салып, бетін ыдыспен жауып ұсынды. Әкесі бұл шынымен де тосынсый болғанын айтты.