- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Актриса Арай Ордабаева...
Актриса Арай Ордабаева кино саласында не үшін көрінбей кеткенін түсіндірді
Фото:
скрин
Актриса Арай Ордабаева кино саласында не үшін көрінбей кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса "Астанаға көктем кеш келеді" фильміне 18 жасында түскен екен. Содан бері 15 жыл өтіп кеткен.
"Мен одан кейін де көптеген фильмге түстім. Бірақ халық мені әлі күнге дейін "Астанаға көктем кеш келеді" фильмінен таниды. Менде үзіліс көп болды. Айшаны (тұңғыш қызы) туып, ұлымды босанғаннан кейін 5-6 жылдай ешқайда түспедім. Ұсыныс өте көп болды. Енді көтеріліп келе жатқан кезде жолдасым мені алып қашып кетті", - дейді актриса.
Еске салайық, бұған дейін Арай Ордабаева ерекше қызының диагнозы туралы алғаш рет айтқан болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина