- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Актриcамен қатынаста болғанын...
"Актриcамен қатынаста болғанын жасыру үшін ақша төлеген". Дональд Трампқа үкім шықты
АҚШ-та алқабилер бұрынғы Президент Дональд Трампты Hush Money ісі бойынша айыпты деп үкім шығарды. Экс-президентке 2016 жылғы сайлау алдында киноактриcамен қатынаста болғанын жасыру үшін ақша төлеген деп айып тағылған болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz
-ке сілтеме жасап.
Дональд Трампты Нью-Йоркте "ауызбастырық" ісіне қатысты сот процесінде алқабилер 34-бап бойынша кінәлі деп таныды. Трамп қылмыстық іс бойынша сотталған АҚШ-тың алғашқы экс-президенті болды. Алқабилер кейінгі 2 күнде істі шамамен 9 сағат бойы талқылады. Судья Хуан Мерчан үкімді 11 шілдеде шығаратын болады.
Іс Дональд Трамптың 2016 жылғы сайлау алдында ересектерге арналған киноактриса Сторми Дэниэлспен қатынасын жасыру үшін 130 мың доллар пара беріп, бизнес жазбаларын бұрмалауына қатысты болды. Сот отырысынан кейін экс-президент АҚШ-тың қазіргі билігі оның соңына түсіп алғанын айтып, әділдікке қол жеткізкенше күрестетінін мәлімдеді.
"Біздің елде өтірік жала жабу көбейді. Қаіргі істі Байден әкімшілігі саяси қарсыласын жеңу үшін жасап отыр. Бұл - масқара. Халықымыз жік-жікке бөлініп, біртұстастығымыздан айырылып жатырмыз. Өзге елдерден келімсектер қаптап, мемлекетіміз құлдырап барады. Сондықтан біз соңына дейін күресіп, міндетті түрде жеңетін боламыз", - деді АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп.
Сот ғимаратының алдында жиналған Трамптың қарсыластары алқабилердің шешімі жарияланған кезде қол шапалақтап, қуаныштарын жасырмады. Ал экс-президенттің жақтастары Нью-Йорк пен Майамида жиналып, оған қолдау білдіріп жатты.
"Мен бұл істің осылай аяқталатынын сезгем. Себебі олар Трамптың президент болғанын қаламайды. Бұл алдын ала жоспарланған деп ойлаймын. Іске қатысты сот шешімі 11 шілдеде, яғни Республикашылардың ұлттық съезінің қарсаңында жарияланатын болады. Бірақ Трамп осыған қарамастан апелляцияға жүгініп, биылғы президенттік сайлауға қатысуды жалғастыра алады", - деді Трамптың жақтасы Мария Гонсалес.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек