Ақтөбенің шетіндегі Сазда өзенінің бойындағы қамыс өртеніп жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
"Алдын ала ақпарат бойынша 5 гектар аумақты шарпыған өрт оқшауланды. Бау-бақшаға өрттің таралу қаупі жойылды. Тұрғындар эвакуацияланды", - делінген хабарламада.
Ведомство сағат 17:00-де өрт сөндірілгенін нақтылады.
Өртті сөндіруге Ақтөбе облысының ТЖД, мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылымдарынан 47 адам, 13 бірлік техника жұмылдырылды.
Оқиға салдарынан екі шаруашылық құрылыс өртенді.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Ақтөбе облысындағы қою қара түтін түсірілген видео тараған еді.
Жергілікті Instagram-дағы парақшалар мал базар маңындағы үй мен орман жанып жатқанын хабарлады. Алайда ТЖД өкілдері "үй жанып жатыр" деген ақпаратты жоққа шығарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!