Ақтөбе тұрғындары қаланың қақ ортасындағы тал-теректі отаған кәсіпкерді жазалауды талап етіп отыр. Құрылыс бастамақ болған компания ешкімге ескертпестен, бір түнде ағаштарды қопарып тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Таңертең келсек, дым да жоқ. Мына жердің бәрін қопарып алып тастаған. Бұл бау-бақшаның ортасы. Қала көркі. Мынау деген бірдеңе саламыз деп жатыр. Ешкім білмейді. Ешкім бізден сұраған жоқ. Рұқсат алған жоқ. Соған көтеріліп жатырмыз".Ақтөбе тұрғыны Айгүл Шүренбаева
Қаланың орталық қос даңғылы түйіскен жерде шағын гүлзар болған. Оның астаң-кестеңін шығарған. Жасыл желегі аз шаһардың тұрғындары ашынып отыр. Олар демалуға арналған аядай жер қалмай барады деп отыр. Ең болмағанда, қопарылған жерге не салынатынан да хабарсыз.
Ал шенеуніктер кәсіпкердің осы жерді 10 жыл бұрын сатып алғанын айтады, бірақ құрылыс жүргізу үшін сол маңдағы тұрғындармен санасып, рұқсатын алуы керек екен. Онымен қоса, тал-теректі отағаны үшін де жазасын алады деп сендіріп отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!