- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбенің екі тұрғыны...
Ақтөбенің екі тұрғыны үйіне жету үшін өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен
Ақтөбеде үйіне жету үшін өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдіктілер анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маусым айының соңында облыс орталығында Ваз-2114 автокөлігі ұрланды. Жедел іс-шараларды өткізу барысында полицейлер екі күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдіктілер түнгі мезгілде үйлеріне жету үшін құлыпталмаған көлікті оталдырып, айдап кеткені анықталды.
Алайда көлік бұзылып қалғандықтан, олар межелі жерге жете алмай, көлікті жол жиегіне тастап кеткен.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Автокөлік иесіне қайтарылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан