- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбелік шенеуніктер "Елбасы...
Ақтөбелік шенеуніктер "Елбасы медаліне" деп бөлінген 100 миллион теңгеге қатысты түсінік берді
Ақтөбелік шенеуніктер "Елбасы медалі" жобасына деп бөлінген 100 миллион теңгеден астам қаржыға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін желіде Ақтөбе облысында "Елбасы медалі" бағдарламасына 104 миллион теңге жұмсалады деген ақпарат пайда болған еді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Елбасы медалі" – жастарды жан-жақты дамытуға бағытталған республикалық деңгейдегі бағдарлама. Ол негізгі жеті бағыттан тұрады: спорт, талант пен шеберлік, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік қызмет, экспедициялар мен жорықтар, жұмыс тәжірибесі.
Ақтөбе облысының білім басқармасы егжей-тегжейін айтпай, жағдайды былайша түсіндірді:
"Ел үміті" бастамасы аясында биыл "Елбасы медалі" жобасына облыстық бюджеттен 117,5 миллион теңге тартылды. Бөлінген қаражат жобаға қатысушыларды оқытуға, жаттықтырушыларды алып жүруге және "Елбасы медалімен" марапаттауға жұмсалады. 2020 жылдан 2023 жылға дейін бір алтын, 43 күміс, 935 қола медаль берілді. Бұрын белсенді азаматтарға берілетін "Елбасы медалі" "Ел үміті" болып өзгертілді. Құжат Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылауға шықты. Бұрын "Елбасы медалін" Тұңғыш Президент қоры беріп келсе, енді оны Білім министрлігі марапаттайды", - деп түсіндірді білім бөлімі басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан