- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбелік оқушы бөтен...
Ақтөбелік оқушы бөтен адамның 100 мың теңгесін жұмсап тастаған
Фото:
©️ Tengrinews.kz
Ақтөбелік оқушы көшеден телефон тауып алып, оның банк қосымшасы арқылы сауда жасай бастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының полицейлеріне 59 жастағы әйел жүгінген. Ол ұялы телефонын жоғалтқаннан кейін банк қосымшасынан ақша алына бастаған.
Полиция қызметкерлері 15 жастағы күдіктіні анықтады. 9-сынып оқушысы көшеден телефон тауып алып, құпиясөзін қалпына келтіріп, бір кеште 100 мың теңгеден аса ақша жұмсап тастаған.
Бұл іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша соталды тергеу басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова