8 шілдеде құтқарушылар Ақтөбе қаласының "Тропикана" демалыс базасы аумағында ағыс жағадан алып кеткен азаматтарды іздестірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, катамаранда 3 адам болды. Құтқарушылар күшімен 14 жастағы екі жасөспірім мен 20 жастағы ер адам құтқарылды.
Жағаға ораларда құтқарушылар жағадан алыстап кетіп, жете алмай тұрған адамды құтқарады.
Құтқарылғандармен судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!