- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұрлық
Ақтөбелік ер адам ұрыларға өз туысының пәтерін тонауға көмектескен
Фото: Видео кадры
Қаңтар айының басында Ақтөбедегі пәтерден ірі көлемде ақша ұрланды. Күдіктілер пәтерге пластикалық терезе арқылы кіріп, 10 миллион теңгені қолды қылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері төрт күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеп-тексеру барысында ұрыларға жәбірленушінің туысы көмек көрсеткені анықталды. Ол күдіктілерге туысының пәтерінде қолма-қол ақша бар екенін айтқан.
\
Ұрланған ақшаны күдіктілер өз қажетіне жұмсаған, несиелерін төлеп, ойын-сауық орындарына барған.
Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан