Ақтөбеде ер адам дәрігерді өлтіріп, полицейді жарақаттап қашып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі CMN.KZ сайтына сілтеме жасап.
22 сәуірде таңғы уақытта 35 жастағы ақтөбелік ер адам медициналық орталықта жұмыс істейтін дәрігердің пәтеріне терезесі арқылы кіріп кеткен. Тергеу мәліметі бойынша, ер адам дәрігерді пышақтап өлтіріп кеткен. Оқиға орнына патрульдік полиция инспекторы А., келген. Ер адам полицейдің құлағын жарақаттаған.
Күдікті ер адам Jetuor көлігіне отырып, қашып кеткен. Ол елді мекенде ұсталды. Полиция қызметкерлері ер адамның көлігінің дөңгелегіне оқ атып тоқтатқан. Салдарынан ер адам көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, көлігі аударылған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!