Ақтөбеде адамның ішкі ағзаларын сатпақ болғандар ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысы прокуратурасымен әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында E. есімді азаматтың өзінің ішкі ағзаларын сатуы бойынша ықтимал мәміле жасау туралы ақпарат алынды.
2024 жылдың 25 қыркүйегінде прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы аясында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған E. есімді азаматты ұстады.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!