Ақтөбе облысында әйел адам өз анасын өлгенше сабаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Городқа" сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының Мәртөк ауылында 14 қараша күні таңертең 73 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша өлімге ішкі жарақаттар себеп болған.
Полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның 48 жастағы қызын ұстады. Ішімдік ішкен әйел мен оның қарт анасының арасында жанжал шыққан.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауды жалғастырып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!