Ақтөбедегі теракт: сотталған үш адам колонияда қайтыс болған

Ақтөбедегі теракт: сотталған үш адам колонияда қайтыс болған
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Осыдан 10 жыл бұрын Ақтөбеде болған лаңкестік оқиға Қазақстанды дүр сілкіндірді. Экстремистер тобы қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге шабуыл жасап, салдарынан 25 адам қаза тапты. Террористердің бір бөлігі өмір бойына бас бостандығынан айырылса, қалғандары ұзақ мерзімге сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл іс бойынша 9 негізгі қатысушы сотталған еді. Тағы 20 адам шабуылға тікелей қатыспағаны үшін жеңілдеу жаза алып, кінәлі деп танылды. Жалпы 29 адам жаза арқалады.

видео кадры

Шабуылға тікелей қатысушылар деп танылған жеті адам, яғни Бақыт Қуанышбаев, Асхат Иманғалиев, Әнуар Садихов, Жаңабай Қуанышбаев, Әлібек Ақпанбетов, Арсен Таңатаров және Асхат Рахметов өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Тағы екі қатысушы - Айдос Жұбанов пен Азамат Әбдірахманов 25 және 22 жылға колонияға тоғытылды.

Tengrinews.kz ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен сотталғандар қазір қайда екенін, олар жұмыс істеп-істемейтінін білмек болды. Сұрақтарға толық жауап берілмегенімен, үш сотталушы қайтыс болғаны хабарланған.

"Сотталғандар Айдос Жұбанов, Асхат Иманғалиев, Асхат Рахметов қайтыс болғанын хабарлаймыз", - деп жазылған жауапта.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget