Ақтөбедегі перзентханада сәбиді сатып жіберген

Ақтөбедегі перзентханада сәбиді сатып жіберген
Фото: depositphotos.com

Ақтөбе облысының полицейлері облыстағы перзентханалардың бірінде жаңа туған нәрестенің сатылуына қатысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатқанын алға тартып, оқиғаға қатысты түсінік бермей отыр.

"Ақтөбе облысының полицейлері перзентханада жаңа туған нәрестені сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен бұл іске қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанда 2024 жылы бала сатудың алты оқиғасы тіркелгені белгілі болған еді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, балалар негізінен елдің ішінде сатылған.

"Кейбір физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты бала сүйе алмайтын адамдар бар. Олардың тарапынан сұраныс туады. Бұл сұранысты өтейтін адамдар бар. (...) Мұндай жағдайларға перинатал орталықтардың, балалар үйінің қызметкерлері және жүктілікті қаламаған азаматтардың қатысы бар", - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары бұған дейінгі Сенат отырыстарының бірінде.

Айта кетейік, Қазақстанда баланы саудалағандар 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан