Ақтөбедегі мешітте ер адам қызға интим қатынасқа түсу үшін некеге тұруды ұсынған

Ақтөбедегі мешітте ер адам қызға интим қатынасқа түсу үшін некеге тұруды ұсынған
Фото: Видео кадры

Ақтөбе тұрғыны әлеуметтік желіде мешіттегі бір адамның өзіне тиіскенін айтып видео жариялады. Полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бойжеткеннің айтуынша, ер адам оны мешіттен шығармай қойған. 

"Бір реттік неке ұсынып, жақындасуға үгіттеді, түрлі қысым көрсетті", – деп жазды бойжеткен.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе облысының полицейлері видеоны зерттеп, ер адамның жеке басын анықтап, оны бөлімшеге жеткізген.

"Тәртіп бұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, мұндай әрекеттерге жол берілмейтіні туралы қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді", – деп мәлімдеді ІІМ.

Сондай-ақ ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұған дейін Шымкентте сотты болған ер адам балаға тиіскені үшін қамауға алынған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget