Ақтөбедегі дәмханаға келушілер арасында бір күн бұрын жанжал болды. Нәтижесінде төртеуі ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің бірі комаға түскен, үшеуі пышақ жарақатн алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, бес адам зардап шеккен. Ең үлкені 39 жаста, қалғандары 28 бен 31 жас аралығында. Үш ер адам пышақ жарақатын алған, біреуінде жабық бас-ми жарақаты және біреуі комаға түскен. Бір ер адам тексеруден бас тартты.
Полицияның мәліметінше, 8 шілдеде кешкі сағат 20:40 шамасында Заводская көшесіндегі мекемеге келушілер пышақтрын алып жанжалдасқан. Бірақ оның себебі хабарланбады.
"Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Қылмысқа қатысы бар тұлғалар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді облыстық Полиция департаментіндегілер.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!